18 науқастың жағдайы өте ауыр – Қисықова

12 Маусым 2020, 12:48
1204
Бөлісу:
18 науқастың жағдайы өте ауыр – Қисықова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір ауруханада 730 науқас жатыр, 48-нің жағдайы ауыр, 18 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. 

Елордада вирус жұқтырған адамдар саны - 2620. Оның ішінде, 270 бала. 1829 адам немесе науқастардың 70 пайызы жазылып шықты. 14 адам толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, қайтыс болды. Жас шамасы бойынша 45-50 жас аралығында 2 адам, 50-60 жас аралығында 4 адам, 60-тан жоғары 8 адам тіркелді, - деді ол. 
Сәуле Қисықова аурудың барысы мен нәтижесі әсер еткен қауіпті факторларды атап өтті. 

 

Науқастардың көпшілігінде қант диабеті, гипертония, жүрек ырғағының бұзылуы, қатерлі ісік, зат алмасуының бұзылуы сияқты жанама аурулар болды. Сондай-ақ, кеш қаралу, өзін-өзі емдеу жағдайлары науқастар жағдайының нашарларуына әкеліп соқты. Ондай науқастар дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір 730 науқас ауруханада жатыр. 48-нің жағдайы ауыр, 18 науқас өте ауыр жағдайда. Олардың өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған, - деді ол. 

Ол атап өткендей, науқастар арасында өкпе қабынуы жағдайы артып отыр.

Қаладағы инфекциялық ауруханаларда жатқан науқастардың 62 пайызында өкпе қабынуы тіркелді. Дерт орташа ауыр және өте ауыр жағдайда өтіп жатыр. Өкпе қабынуының 70 пайыз жағдайында коронавирус инфекциясының асқынуы, 30 пайызында вирустық бактериалды өкпе қабынуы болып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы