17 наурызға арналған ауа райы болжамы

17 Наурыз 2019, 08:58
2660
Бөлісу:
17 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. 

Кей жерлерде жауын-шашын жауып, солтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Көп жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады. 

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, дауыл соғады. 

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жел соғады. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы