Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қараша, сейсенбі күні республиканың 4 қаласында ауа сапасының ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Оқи отырыңыз: