16 жастағы жасөспірім оқ жаудырды: АҚШ-та үш бала мен мұғалім қаза тапты

Жасөспірім бес, сегіз және он бір жастағы үш баланы, сондай-ақ бір мұғалімді атып өлтірген.

16 Қазан 2026, 10:10
АВТОР
 depositphotos.com 16 Қазан 2026, 10:10
16 Қазан 2026, 10:10
145
Фото: depositphotos.com

Орегон штатындағы Бенд қаласында орналасқан Silver Rail Elementary бастауыш мектебінде атыс болды. Полиция мәліметінше, 16 жастағы жасөспірім бес, сегіз және он бір жастағы үш баланы, сондай-ақ бір мұғалімді атып өлтірген, деп хабарлайды BBC.

Тағы да жеті жасар бала мен 54 жастағы педагог өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, жасөспірім мектепке кіріп, жабық есіктерге оқ жаудырған. Одан кейін шабуылдаушыны соңынан еріп барған жергілікті тұрғын атып өтірді. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны және мектеппен байланысы бар-жоғы әлі белгісіз.

Бенд – Ла-Пайн мектеп округінің басшысы Стивен Кук қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Орегон губернаторы Тина Котек оқиғаға араласып, одан арғы құрбандардың алдын алуға көмектескен жергілікті тұрғынға алғыс білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда жасөспірім мектеп жанында оқ атып, 11 адамды жарақаттады. 

Тағы оқи отырыңыз:

Алматы облысындағы атыс пен шабуыл: Полиция жанжалға қатысушыларды ұстады

Таиландта жасөспірім жеті адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады

Иранда белгісіз адамдар кофеханада оқ жаудырды: екі адам қаза тапты

Наверх