16 қарашада футболдан Қазақстан-Өзбекстан құрамалары кездеседі

15 Қараша 2022, 21:25
979
Бөлісу:
16 қарашада футболдан Қазақстан-Өзбекстан құрамалары кездеседі

Жолдастық кездесу 16 қараша күні, Астана уақытымен 19:00-де басталады, деп жазады BAQ.KZ kff.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық футболшылар бұған дейінгі ойынын қыркүйек айында Ұлттар лигасында Әзербайжан құрамасына қарсы өткізген еді. Соған қарамастан олар өз тобында бірінші орынмен В дивизионында сынға түсуге жолдама алды. Сондай-ақ 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өтпелі ойындарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Ал Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының аяғында Коста-Рикамен жолдастық кездесуде қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның біреуінде қазақстандық футболшылар жеңсе, екеуінде өзбекстандық құрама басым түсті. Үш ойын тең нәтижемен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы