16 облыста ауа райына байланысты жол жабылды

15 Ақпан 2024, 22:00
1207
Бөлісу:
16 облыста ауа райына байланысты жол жабылды
Фото: BAQ.KZ архив

16 өңірде күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

15 ақпан сағат 21:30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 92 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратқан хабарламада.

  • Абай облысында - 3 учаске (323 км)
  • Ақмола облысында - 27 учаске (2201 км)
  • Ақтөбе облысында – 4 учаске (694 км)
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
  • Атырау облысында - 1 учаске (9 км)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (280 км)
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
  • Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км)
  • Қарағанды облысында - 8 учаске (1118 км)
  • Қостанай облысында - 11 учаске (1591 км)
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 км)
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
  • Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы