16 мың адам үйлеріне оралды – ТЖМ

17 Сәуір 2024, 10:31
268
Бөлісу:
16 мың адам үйлеріне оралды – ТЖМ
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны жағдайы туралы сағат 10:00-дегі ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Осы сағатта 16 мың адам өз үйлеріне оралды. 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала эвакуациялау пункттерінде. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді, - деді ол.

Ерасыл Сайпаштың айтуынша, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілік жүргізіп жатыр. Жедел желі телефонына 1857 қоңырау түсті.

Алайда әлі де су астында қалып жатқан үйлер жоқ емес.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы және 3 124 саяжай үйлері су астында қалып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы