16 мамыр күні елордада автобус жүрмейді

14 Мамыр 2021, 09:25
914
Бөлісу:
16 мамыр күні елордада автобус жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбіде Нұр-Сұлтанда тағы да автобус жүрмейді.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады. 

16 мамыр, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі. 

Қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қатаң сақталуға тиіс. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.



Өзгелердің жаңалығы