150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?

6 Наурыз 2024, 08:02
2556
Бөлісу:
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
PHOTO
Фото: AlmaU

Наурыздың алғашқы күндері Almaty Management University (AlmaU) "Сыр қорғаны – сексеуіл" атты экожоба ұйымдастырды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экожүйені қалпына келтіру мақсатында 10 мың түп сексеуіл көшетін отырғызу жоспарланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоспарды орындау үшін Қазақстанда алғаш рет 60-тан аса волонтер Қызылорда қаласына жиналды. Олар Астана, Алматы, Ташкент, Семей, Қарағанды, Жаңақорған, Талғар қалаларынан келді, ішінде қызылордалықтар және екі АҚШ азаматы да бар. Айта кетейік, волонтерлар арасында құны 100 мың немесе 150 мың теңгелік демеушілік пакетті сатып алып, экожобаға еріктіліктен бөлек, қаржылық қолдау көрсеткендер де болды.

Кейіннен Қызылордаға келген волонтерлар Қазалыға аттанды. Жолда Қорқыт ата мемориалдық кешеніне тоқтап, түркі жұрты үшін қасиетті саналатын орынмен танысты.

150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?

Қазалыға жеткен соң экожобаның салтанатты ашылуы өтті. Онда ресми өкілдер, ұйымдастырушылар, сарапшылар, демеушілерге сөз берілді. Волонтерлар арасындағы БАҚ өкілдері, блогерлер және жалпы экожобаға келгендер Арал мәселесі жөнінде сұрақ қойып, талқыға қатысуға мүмкіндік алды.

150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?

Іс-шараның ең әсерлі әрі ауыр сәті 1989 жылы жарық көрген Арал қасіреті туралы "Жоқтау" деректі фильмін көру болды. Форсайт кештегі көрсетілімге аталған фильмнің сценарий авторы әрі режиссері Сергей Азимов қатысты.

150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?

Келесі күні таңғы 6.00-де Қазалы қаласынан Арал теңізінің құрғаған табанына бет алдық. 6 сағатқа созылған жолдың тек 1 сағаты тасжол болды. Сондықтан ұйымдастырушы тарап жолсызбен жүретін арнайы көліктер жалдады.

150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?

Қажет нүктеге талтүсте жеткен еріктілер нұсқау алған соң бірден іске кірісті. Қорытынды есеп бойынша отырғызу жоспарланған 10 мың түп сексеуіл көшетінің 5100-і салынды. Бірақ барлығы бірдей жайқалып өсіп кетпейтіні белгілі.

150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?

Халықаралық Аралды құтқару қоры сарапшысы Мария Заднепровская әдетте Аралдың құрғаған табанында механикалық әдіспен егілген сексеуілдің жерсінуі 30 пайызды құрайтынын айтады. Бірақ біздің жағдайда сексеуіл көшеттері қолмен салынғандықтан, олардан жерсініп, өсіп кететіндері 50 пайыздан асуы мүмкін.

Сондықтан бірер жылдан соң біз салған сексеуіл көшеттері орташа бұтасы 4 тоннаға дейінгі құм мен тұзды ұстап тұруға қауқарлы сексеуіл ағаштарының орманына айналатынына сенім мол.

150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
150 мың төлеп, Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл салғандар кім?
Өзгелердің жаңалығы