Қазақстанда 150-адам коронавирустан жазылып шықты

14 Сәуір 2020, 17:17
1299
Бөлісу:
Қазақстанда 150-адам коронавирустан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 8 науқас, сауығып, ауруханадан шықты. 

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

Бүгін сағат 16:00 дейін елімізде жалпы 150 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 64, Алматы қаласында – 58, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 5, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында - 5, Батыс - Қазақстан облысында -1, Маңғыстау облысында -1, Қызылорда облысында – 2, Ақмола облысында – 4 адам, - делінген хабарламада.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта емдеуден шығарылған адамдардың саны 58 адамды құрайды.
Емдеуден шығарылғандар ішінде 4 ер адам мен 4 әйел адам бар. Олардың жетеуі вирусы бұған дейін анықталған адамдармен қарым-қатынаста болғандар, бір адам Санкт-Петербургтен ұшып келген, - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар, бүгін жазылып шыққан адамдардың барлығы 14 күн үй карантинінде болатыны айтылған.
Өзгелердің жаңалығы