Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл орыс тілді аудиторияның ең танымал музыкалық трендтерінің бірінің авторы-қазақстандық жас әнші Нұрмұхаммед Жақып.
15 жастағы қазақстандық әнші Нұрмұхаммед Жақып орындаған «Самая Самая» әні нағыз хит болды. Ол музыкалық бейнебаяндар арасында YouTube-та екінші орында.
TikTok-та трекке 200 мыңнан астам бейне түсірілген, ал YouTube-тағы қаралым саны төрт миллионнан асқан.
Әннің авторы-Нұрмұхаммед Жақып. Оның әкесі Ибрахим Жақып - танымал әнші. Баласының продюсері де.
Нұрмұхаммед оның әндері әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін танымал болды. Оны түрлі бағдарлама, концерттерге шақыра бастады.
2018 жылы Нұрмұхаммед «Ана» атты әнмен көпшіліктің жүрегін жаулаған болатын. Сол кезден бастап ол туралы Ресейде де айта бастады. Нұрмұхаммедті Андрей Малаховтың «Сәлем, Андрей!» бағдарламасының талатты балаларға арналған шығарылымына шақырған болатын.
Ол кезде Нұрмұхаммедтің Instagram-дағы парақшасын оның ата-анасы жүргізген еді. Бірақ қазір жас жігіттің өзі фото және видео жариялап отырады. Ол әлі де ән айтып, ән жазады. Жас орындаушының репертуарында 50-ден астам композиция бар екен.