15 қазанға арналған ауа райы болжамы

15 қазанға арналған ауа райы болжамы
619

Қазгидромет 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады. Сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңіз аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы