15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

15 Қаңтар 2023, 09:10
1565
Бөлісу:
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттарға байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Тек республиканың оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады.

Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы