15 мыңнан астам оқушы тыйым салынған сайтты қараған

15 Мамыр 2024, 20:21
373
Бөлісу:
15 мыңнан астам оқушы тыйым салынған сайтты қараған
Фото: pixabay.com

ШҚО-да 56 мектепте балалар зиянды мазмұны бар контент парақшаларын еркін пайдаланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлық тексеру нәтижелері облыстағы 56 мектептің 15 мыңнан астам оқушы тыйым салынған интернет-контентке қол жеткізгенін көрсетті.

Атап айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралған. Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте букмекерлік кеңселердің (1хбет, олимп) сайттары қаралған.

Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы облыстың барлық мектептерінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтеріп, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне қадағалау актісін енгізді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі).

Көріп отырғанымыздай, бүгінде балалар әлеуметтік кеңістікті белсенді пайдаланушылары болып табылады және мектептерде зиянды интернет сайттарға жиі кіреді.

Осыған байланысты, ықтимал келеңсіз салдарды ескеріп, прокуратура органдары ата-аналардың назарын балалар қарайтын интернет-контентті қадағалап, олармен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне аударады.

Өзгелердің жаңалығы