"1,5 млн теңге". Атырау полицейлері синтетикалық есірткі тәркіледі

24 Тамыз 2023, 20:11
714
Бөлісу:
"1,5 млн теңге". Атырау полицейлері синтетикалық есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

"Қарасора – 2023" іс-шарасы барысында Атырау облысының полицейлер құны 1,5 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп "Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатумен айналысты деген күдікпен 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын анықтады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде 15 полимерлі зип-пакет, жалпы салмағы 35,34 грамм есірткіге ұқсас ақ түсті ұнтақ заты бар бір пакет, электрондық таразы, Iphone және Vivo телефондары, 144 мың теңге, 701 АҚШ доллары тәркіленген.

Сараптама қорытындысымен алынған заттын салмағы 35,34 грамм синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы