15 қарашаға арналған ауа райы

15 Қараша 2020, 07:14
1699
Бөлісу:
15 қарашаға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына солтүстік өңірлерден басталатын циклон әсер ететін болады. Соның әсерінен қар жауады. Кей жерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қарағанды, Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз таулы аймақтарда 25 м/с.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Алматы облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болуы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы