15 адамды алдап, ауадан ақша жасаған азамат жауапқа тартылатын болды

4 Желтоқсан 2019, 13:19
9121
Бөлісу:
15 адамды алдап, ауадан ақша жасаған азамат жауапқа тартылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Маңғыстау облысынан келген азаматша Гүлжан Шалабаева Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкеріне қатысты шағымын айтып, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа өзінің жанайқайын жеткізді. 

Сізге ұжымдық өтінішпен келіп отырмын. Бұл менің ғана емес, 15 адамның жан-айқайы. Азаматша Жаңагүл Есбосынованың алаяқтықтық фактісіне қатысты арызданып отырмын. 7 ақпанда Ішкі істер басқармасына арызданған едік. Іс үш рет қысқартылды. Үш рет қайта ашылып, үш рет жабылды. Ж. Есбосынова 2015-2016 жылдары үй алу бойынша кеңес бертін консультант-агент болып жұмыс жасай отырып, өтірік ақпарат беріп Маңғыстау облысындағы 15 адамның 8-12 млн қаржысын беріп, алданып қалуына бірден бір себепкер болды. Себебі бізге жалған консультация берді, - деді Гүлжан Шалабаева.
Шағымданушы  18 млн теңгеге арнайы бағдарламамен үй алғым келгенін айтты. Ол Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің қызметкеріне шағымданды. 
Соның  9 млн теңгесін бөліп төлейтін болдым. Ал 6 млн теңгесін бердім. 50 % компанияда жеңілдік болып жатыр деген соң, қарызданып қалған 3 млн теңені тауып әкеліп бердім. Ішкі істер басқармасы "Сіздер компанияға алдандыңыздар" деп, компания басшысы 5 жылға бас бостаңдығынан айрылғанын айтады. Хақыларыңыз жоқ, сіздерден шыққан ақша үкіммен өндіріліп тұр деп айтып отыр. Бірақ біз бұған келіспейміз. Компания басшысы Бурлаковаға қатысты қылмыстық істің көшірмесін жасатқызып алғанбыз. Менің, қалған 15 адамның салған ақшасынан 2-2,5 млн теңгеден құрылыс компаниясына есепшотына салып отырған. Сонда біз үй аламыз деп беріп отырған ақшамызға ол үй сатып алған, - дейді Гүлжан Шалабаева.
Бұл Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерінен кеткен өрескел қате деп білеміз. 2018 жылы 3 тамызда Есбосыновадан күдікті ретінде жауап алғанда: "Компания басшысы Бурлакова "Мен саған миллиондаған ақшаны қайдан тауып беремін, ал сен сол 15 адамды өз ақшаларын маған салуға ынталандырып, мотивация бер", - деп жазыпты жауап алу кезінде.

Алданған 15 адам Таразда түрмеде отырған Бурлаковамен жүздесіп сөйлескенде анықтаған. 
Яғни, мен 8 млн берсем, ол оның 2 млн теңгесін өзіне айлық ретінде алып қалған. Қалған 6 млн-ды далада отырған Украина азаматына жіберген, - деп айтып берді министрге шағымданушы.
Маңғыстау облыстық прокурорына жанайқайын жеткізе алмай жүргендеріне 10 ай болған. Ауадан ақша жасап отырған Есбосынованы жауапқа тартуды сұрап келді. 
2017 жылы қылмыстық іс қозғалып, Бурлакова мен Туляева тиісінше 5 және 6 жылға сотталды. Сот отырысының хаттамасында бәрі көрсетілген. Біз биылғы жылдың 25 қарашада бұл істі тоқтаттық, - деп жауап берді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы.
Ерлан Тұрғымбаев оның сөзін шорт кесіп "Неге тоқтаттыңдар? деп сұрады. 
Ол нақты құжаттар мен дәлелді көрсетіп тұрғанын айтты. Есбосынова қылмыскерлермен сыбайлас болып, қылмыс жасаған. Неге оны жауапқа тартпайсыздар? Неліктен сотқа жолдамайсыңдар? Мен сізге тағы айтамын, Бурлакова айыпталған, сотталды. Оның бұл жерде қандай қатысы бар? Міне, қасыңызда зардап шеккен, қаражатынан айырылған арыз беруші шағымын айтып отыр. Келтірілген залал өтелмеген. Ал азаматша Есбосынова жалған келісімшарт құрып, алаяқтықпен ақшаларын жымқырған. Сыбайлас ретінде ол жауапқа тартылуы керек, - деп министр өз сөзін түйіндеді. 
Тұрғымбаев: "істі қайта ашып, сотқа жолдаңдар. Және де сот ашық отырыс өткізіп, соңғы нақты шешімді қабылдасың", - деп Департамент басшысына қатаң түрде тапсырма берді. 

"Нұр-Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдаған министр өңірлік полиция департаментерінің жұмысын сынға алып, келіп түскен арыздар бойынша тапсырма берді.



Өзгелердің жаңалығы