АҚШ-та 14 жастағы бала өз отбасының адамдарын атып тастады

4 Қыркүйек 2019, 12:12
1664
Бөлісу:
АҚШ-та 14 жастағы бала өз отбасының адамдарын атып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Алабама штатының Элкмонт қаласында 14 жастағы бала өзінің отбасы мүшелерін атып тастады, деп жазды ТАСС.

Атыс салдарынан жеткіншектің отбасынан 5 адам қаза болған. 

Жергілікті полицейлердің мәліметіне сүйенсек, жеткіншек ұсталып, жасаған қылмысын мойындады.

14 жастағы баланың мұндай жантүршігерлік әрекетке не себепті барғаны әлі белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы