Павлодар облысында су басуы ықтимал 14 ауыл бақылауға алынды

13 Наурыз 2019, 13:26
2080
Бөлісу:
Павлодар облысында су басуы ықтимал 14 ауыл бақылауға алынды
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде су басуы ықтиал 14 елді мекен төтеншеліктердің қатаң бақылауына алынды. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаратын топтар жасақталып, техникалық жағдайы пысықталды.

Қызыл судың зардабын көруі мүмкін ауылдардың басым бөлігі Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Мамандардың айтуынша, таулы аймақтағы Баянауыл ауданының ауылдары, Павлодар, Ақтоғай өңірлерінің елді мекендерінде де сақтық шаралары күшейтілді.

Облыстық ТЖД жедел құтқару отряды бастығының орынбасары Серік Шерияздановтың хабарлауынша, бүгінде аймақта қардың еру үрдісі тұрақты сипатқа ие. Қар жабындысының қалыңдығы 20 см-ден аспады. Бұл - нормадан аз көрсеткіш.

«Десе де, жағдай күрт өзгеріп, оқыс жағдай туындаса, өзге облыстардың жасақтарын жұмылдырамыз. Нақтырақ айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысынан 271 адам тартылады. Ал сол аймақтарда ахуал қиындап кетсе, бізден де құтқарушы отрядтар тартылады. Қазіргі уақытта құрамымызда 165 маман бар. Шұғыл шақырту болса, біз 1,5 сағаттың ішінде жиналып, оқиға орнына барамыз», - дейді Серік Шериязданов.

Материалдық қамдану жағына келсек, 49 мың дана қап, 36 мың тонна инерттік материал және 97 тонна жанар-жағармай бар.

Жалпы, облыс бойынша төтенше жағдайды алдын алу шаралары басталып кетті. Қажетті материалдар қоры әзірленіп, ықтимал-қауіп-қатерлерді жоюға күштер мен құралдар анықталды. Су тасқыны салдарын жою үшін 521 адам мен 133 техника бірлігі дайын.

Өзгелердің жаңалығы