137 бала грантынан айырылды

6 Қыркүйек 2022, 15:10
2497
Бөлісу:
137 бала грантынан айырылды

2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 154 мың қазақстандық тапсырды. Емтихан қорытындылары шығарылғанымен, Ұлттық тестілеу орталығында бейнежазбаларды тексеру әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев бейнежазбаларды қарап шыққаннан кейін  153 тест тапсырушының нәтижесі жойылғанын, оның 137-сі білім грантының иегерлері екенін түсіндіреді.

Біз қазірдің өзінде тиісті шаралар қабылдадық және олардың грант туралы куәліктері жарамсыз деп танылды, - деді Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар, орталық басшысы атап өткендей, аталған бұзу фактілері бойынша қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.

Биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқандықтан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды, - деді Руслан Емелбаев.

2022 жылы ҰБТ-да шекті балды түлектердің 33% жинай алмады.

Биыл орташа нәтиже 66 балл болды, ал максимум – 139.

ҰБТ бойынша ңң төмен нәтиже көрсеткен үш өңір: Маңғыстау, Түркістан және Атырау облыстары.

Өзгелердің жаңалығы