1,3 млн теңге: Қайтарымсыз грант алуға өтініштер қабылданады

8 Ақпан 2023, 18:48
14422
Бөлісу:
1,3 млн теңге: Қайтарымсыз грант алуға өтініштер қабылданады
Фото: moneyman.ru

20 ақпанда business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге. 

Ел бойынша бірінші ағында (20.02.2023-03.03.2023 аралығында) 2577 грант беру жоспарланып отыр.

Қайтарымсыз қаржы алуға кімдер үміткер бола алады? – тіркелген жұмыссыздар; – жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

 Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек: 

Мүгедектігі бар адамдар;

 Қандас мәртебесін алғандар; 

Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері; 

Аз қамтылған отбасылардың мүшелері; 

Көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы); 

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы,зайыбы);

 Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар. 

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы