13 қазан, сейсенбі күнгі ауа райы болжамы

13 Қазан 2020, 08:35
1552
Бөлісу:
13 қазан, сейсенбі күнгі ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 қазан күні республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде түнде 3 градус үсік жүреді.


Өзгелердің жаңалығы