125,1 трлн теңге. Былтыр қазақстандықтар банк картасымен көп төлем жасаған

11 Наурыз 2023, 11:40
683
Бөлісу:
125,1 трлн теңге. Былтыр қазақстандықтар банк картасымен көп төлем жасаған
Фото: Hotline.finance

2022 жылы қазақстандық банктердің төлем карточкаларын қолданушылар 125,1 трлн теңгеге 8,8 млрд операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, ел тұрғындары цифрлық банкинг арқылы күн сайын 15,2 миллионнан астам операция жасаған.

Елімізде төлем карточкалары нарығы белсенді өсіп келеді. Былтыр төлем карточкаларын қолданушылар қазақстандық банктер эмиссиялаған төлем карточкаларын пайдалана отырып, 125,1 трлн теңгеге 8,8 млрд операция жүргізгені белгілі болды.

Осыған ұқсас қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің де өсуі байқалады. 2022 жылы жеке тұлғалар қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 103,8 трлн теңгеге қолма-қол ақшасыз 8,6 млрд операция жүргізді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе көп.

Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны мейлінше аз алатын болған. Мәселен, 2022 жылы төлем карточкаларын қолданушылар 21,4 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға аз.  

Халық арасында қолма-қол ақшасыз операция жүргізуде сұранысқа ие тәсіл – интернет және мобильді банкинг. Қолма-қол ақшасыз орындалған он операцияның сегізі онлайн-режимде жүзеге асырылады.  

Өзгелердің жаңалығы