1200-ден астам қарағандылық көзге тегін ота жасатты

22 Сәуір 2021, 11:07
1667
Бөлісу:
1200-ден астам қарағандылық көзге тегін ота жасатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының офтальмологиялық клиникалары 2021 жылдың 1 тоқсанында 1231 офтальмологиялық операция жүргізді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішіндегі ең көп тарағаны - катарактаны факоэмульсификациялау, содан кейін интраокулярлық линзаны енгізу, немесе көз бұршағын ауыстыру. Егер көз бұршағының үдемелі бұлдырауы нәтижесінде көру қабілеті жоғалса, бұл кез-келген жаста көру қабілетін қалпына келтіруге болатын операция.

Бұл операцияның көрсеткіштері - көру өткірлігінің 50% немесе одан да көп жоғалуы, көздің алдында тұман немесе "перде" пайда болуы, түстердің нашарлауы, бұлыңғыр дақтар, көру қабілетінің жоғалуы.

Балқаш қаласының тұрғыны Виктор көз бұршағын ауыстыру үшін Қарағандыға келген. Зейнеткерге ауруханаға жатудың қажеті болмады, өйткені операция күндізгі стационарда жүргізіледі. Факоэмульсификация кезінде бұлыңғыр көз бұршағы жұмсартылып алып тасталынады. Оның орнына жасанды интраокулярлық линза қойылды, барлық манипуляциялар 20 минутты алды.

Кеше мен клиникаға екі апта бойы жүргізілген барлық талдаулармен келдім. Операция өте тез және ауыртпалықсыз өтті. Осыдан кейін мені палатаға ауыстырды. Дәрігердің қарауынан кейін біраз уақыттан соң үйге жіберді. Бүгін таңертең мен дәрігердің қарауынан өттім. Бәрі жақсы, үйде уақытша таңғышты алып тастауға болады деп кеңес берді. Бір ай бойы көз тамшыларын тамшылату керек, - дейді Виктор.

2021 жылдың үш айында офтальмологтар көз бұршақтарын өңірдің 479 тұрғынына алмастырды. Медициналық сақтандыру Қоры бұл операциялар үшін 91,6 млн теңге төледі.

Көз бұршағын ауыстыру операциясы МӘМС пакетіне кіреді және сақтандырылған азаматтар үшін ол тегін. Науқастар клиникаға жолдама алады, қажетті тексерулерден өтіп, операцияға түседі. Бұдан әрі Қор сараптама нәтижелері бойынша оны жүргізген медициналық ұйымға осы операция ушін қаржы төлейді, - деп қосты медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Көпобаев.

МӘМС пакетіне сондай-ақ ең қымбат офтальмологиялық операциялардың бірі витрэктомия кіреді. Бұл әдіс көздің шыны тәрізді денесінің ауруларын емдеу үшін, сондай-ақ көз торына операция жасау кезінде оны алып тастау үшін қолданылады. Операция тәулік бойы стационар жағдайында жүргізіледі. Әрбір осындай операция 386 мың теңге тұрады, сақтандырылған пациенттер үшін бұл тегін. Жыл басынан бері 116 пациентке витрэктомия операциясы жүргізілді, олардың төлеміне Қор 45 млн теңгеге жуық қаражат жіберді.

Қарағандылық Дмитрий соңғы 8 айда үш рет офтальмологиялық операция жасатты. Жол апатына байланысты ер адамның көзінің торлы қабығының сылынып және көзінің шыны тәрізді денесіне қан құйылған. Екі операция өткен жылдың күзінде, тағы біреуі 2021 жылдың сәуірінде өтті. Дәрігерлер витрэктомия опрациясын екі кезеңде өткізді.

Апаттан кейін менің екі көзім де көрмей қалды. Екі кезеңде дәрігерлер маған көзімнің көру қабілетін қайтарды. Мен екінші операциядан 3-4 күн өткен соң көре бастадым. Осы айда үшінші операция жасалды. Мен тағы 2 ай оңалтудан өтетініме қарамастан, өте жақсы көремін. Дәрігерлерге көп рахмет. Барлық операцияларды мен «сақтандырылған» болғандықтан тегін жасаттым, - дейді Дмитрий.

2021 жылдың 1 тоқсанында облыс клиникалары 263 млн теңгеге офтальмологиялық оталар жасады.

Өзгелердің жаңалығы