120 балл да грантқа кепіл емес: Талапкерлер нені білуі керек?

Грант бөлу кезінде талапкердің балы ғана емес, бөлінген грант саны, конкурс деңгейі, білім беру бағдарламасына сұраныс және жеңілдік санаттарына арналған квоталар да ескеріледі.

 istockphoto.com 8 Тамыз 2026, 16:37
8 Тамыз 2026, 16:37
114
Фото: istockphoto.com

ҰБТ-дан жоғары балл жинау білім беру грантын автоматты түрде иеленуге кепілдік бермейді. Соңғы нәтиже нақты білім беру бағдарламасы бойынша қалыптасатын конкурсқа байланысты анықталады.

Түсіндірілгендей, гранттар конкурстық негізде бөлінеді. Іріктеу кезінде талапкердің жинаған балы ғана емес, бөлінген грант саны, конкурсқа қатысушылардың жалпы саны, таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша бәсеке деңгейі және жекелеген санаттағы талапкерлерге қарастырылған квоталар да ескеріледі.

Сондықтан 120 балл жинаған талапкер грант саны шектеулі әрі сұранысы жоғары мамандыққа түсе алмауы мүмкін. Ал 100 балл алған талапкер конкурс деңгейі төмендеу білім беру бағдарламасы бойынша грант иеленуі ықтимал.

Айта кету керек, шекті балл тек конкурсқа қатысу құқығын береді. Ал нақты өту балы конкурс қорытындысы шыққаннан кейін ғана белгілі болады.

Сондықтан білім беру бағдарламасын таңдағанда талапкерлер өздерінің ҰБТ нәтижесімен қатар, бөлінген грант санын, үміткерлердің жалпы санын және таңдалған бағыттағы бәсеке деңгейін де ескергені жөн.

Осылайша, білім беру гранты тек ҰБТ-дағы жоғары балл үшін емес, конкурс қорытындысы бойынша тағайындалады.

Наверх