12 вагон жолдан шығып кетті

2 Ақпан 2022, 13:32
1113
Бөлісу:
12  вагон жолдан шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ЖТ бөлімшесі учаскесіндегі пойыздардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Бқл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылғы 1 ақпанда сағат 13:55-те осы учаскеде жүк пойызының 12  вагоны жолдан шығып кеткен болатын. Құрамға бидай тиелген. Жолдан шығып кету себебі - вагон бүйір рамасының сынуы. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеуде. 

Өзгелердің жаңалығы