12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді

24 Сәуір 2025, 14:45
1041
Бөлісу:
12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
Фото: Win McNamee/Getty Images

АҚШ-тың 12 штатының бас прокурор-демократтары Трампты сотқа берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The New York Times-қа сілтеме жасап.

Олар президентті Трамп енгізген салық экономикаға зиян келтірді деп айыптап отыр.

Басым көпшілігін демократтар басқаратын штаттардың прокурорлары президентті сотқа берген. Олардың айтуынша, "Трамптың өз еркімен баж салығын енгізуге құқығы жоқ".

Прокурорлар салық енгізуге, айыппұл салуға заң тұрғысынан Конгресстің ғана құқығы барын алға тартты.

Бұл жарлықтар президенттің заңдық өкілеттілігін саналы жүзеге асыруға емес, қисынсыз назына байланысты болып отырған ұлттық сауда саясатын бейнелейді, - делінген АҚШ-тың халықаралық сауда бойынша сотына берілген шағымда.

Жаппай шағым сот өткен аптада Трамп әкімшілігін сауда соғысының күшеюіне айыптаған соң берілген.

Президент заңсыз саясатты жүргізіп, азық-түлік дүкендері мен коммуналдық қызмет бағасын өсірген кезде біз де бей-жай қарап тұра алмаймыз. Бұл тарифтер өміріміздің әрбір бұрышын қамтиды, - деді Орегонның бас прокуроры Дэн Рэйфилд.

Айта кетейік, 12 сәуірден бастап Қытай АҚШ-тан келетін барлық тауарларға салынатын кедендік баж салығын 84%-дан 125%-ға дейін арттыратынын мәлімдеген болатын. Бұл жаңа мөлшерлеме АҚШ-тың қытайлық импортқа енгізген "жауапты" тариф деңгейіне сәйкеседі. Дегенмен, Бейжің бұған дейін өз тарапынан баж салығын көтермейтінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы