1,2 шақырым жолға 272 млн теңге: прокуратура күмәнді келісімді тоқтатты

27 Қараша 2026, 09:49
АВТОР
 Көлік министрлігі 27 Қараша 2026, 09:49
27 Қараша 2026, 09:49
272
Фото: Көлік министрлігі

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында құны 272 млн теңге болатын жолды күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты заңбұзушылық анықталды. Прокуратура тексерісінен кейін мемлекеттік сатып алу шарты бұзылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орал қаласының прокуратурасы автомобиль жолын күрделі жөндеуге арналған мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын тексерген.

Тексеру барысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұзындығы 1,2 шақырым болатын жол учаскесін жөндеуге 272 млн теңгеге шарт жасасқаны анықталды.

Алайда жоспарланған жұмыстар мәлімделген жөндеу түріне сәйкес келмеген. Сонымен қатар бюджет заңнамасы бұзылып, аталған учаскеге асфальт төсеу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан негізделмеген.

Прокуратураның наразылығынан кейін мемлекеттік сатып алу шарты бұзылды. Осылайша, 272 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды.

Заңбұзушылықтарға жол берген бөлім басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Наверх