12 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық ахуал

12 Қаңтар 2022, 08:12
2008
Бөлісу:
12 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 12 қаңтар күнгі жағдай бойынша елдегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады.

Қазақстанда 1 083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында - 212, Алматы қаласында - 342, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 36, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 22, Шығыс Қазақстан облысында - 67, Жамбыл облысында – 27, Батыс Қазақстан облысында - 57, Қарағанды облысында - 107, Қостанай облысында - 66, Қызылорда облысында - 6, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 98, Солтүстік Қазақстан облысында - 32, Түркістан облысында - 2. 

Елімізде барлығы 965 796 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинация

2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 026 131 адам, 2 - ші компонентін 8 568 324 адам салдырды. 

Бұған дейін еліміз бойынша індет жұқтырғандар санының 1 млн-нан асқанын хабарлаған болатынбыз.

2 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында - 1,

Атырау облысында - 1.

КВИ-, КВИ+

12 қаңтардағы мәлімет бойынша 27 423 адам коронавирус инфекциясынан (25 609 КВИ+ және 1 814 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 409 пациент стационарда, 24 014 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

187 адамның жағдайы ауыр, 

59 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы