12 облыстың республикалық жолдарында шектеу қойылды

12 Желтоқсан 2023, 10:50
1677
Бөлісу:
12 облыстың республикалық жолдарында шектеу қойылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ауа температурасының төмендеуі мен боранға байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар жолдарда шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылдың 12 желтоқсанында сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының нашарлауына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 бірлік техника мен 907 жолшылар жұмылдырылып, 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды. Жүргізушілерді аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Соңғы ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар https://kz.qaj.kz/s/, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы