12 мыңнан астам ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды

10 Желтоқсан 2020, 12:30
1581
Бөлісу:
12 мыңнан астам ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 

22 жасырын казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге «Стоп-ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. 

Осылайша, ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Ақмола облысы бойынша ТЖД лауазымды тұлғаларға қатысты ел аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.   

ҚР ҚК нормаларына сәйкес (сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы ақпарат жария етілмейді.



Өзгелердің жаңалығы