12 мың тұқы балығы «Қоянды» су қоймасына жіберілді

3 Қыркүйек 2023, 00:12
638
Бөлісу:
12 мың тұқы балығы «Қоянды» су қоймасына жіберілді
Фото: скрин

Ұзындығы 2 сантиметрді құрайтын 12 мың тұқы балығы «Қоянды» су қоймасына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді олар су астында тіршілік етіп, әрі қарай өздігінен көбейеді. Шабақтар көктемнен бері арнайы тоғанда өсірілген. Бір жылда олардың салмағы 500 грамға дейін жетеді. Былтыр қоймаға 30 мыңға жуық шабақ түсті. Мамандардың айтуынша, балық жіберу арқылы судың экологиялық жағдайын жақсартуға болады.

Жіберген мақсатымыз «любительский лов» дейді ғой, балықшыларға сол үшін жіберіп отырмыз. Солар келіп, мұнда аулайды. Бұл балықтарды біз көктемнен бастап баптадық, өсірдік. Қазір, міне, жіберіп тұрмыз. Балықтар суға жіберілгеннен кейін оларды 2 жыл аулауға болмайды. Олар өсуі керек 2 жылда, - дейді қорықшы Шәймерден Бекетаев.

Өзгелердің жаңалығы