12 мамырға арналған ауа райы болжамы

12 Мамыр 2020, 08:10
1085
Бөлісу:
12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. 

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, кей жерде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, тұман, найзағай, бұршақ болжанады.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерінде дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.

Атырау облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.
Өзгелердің жаңалығы