Түркістан-Кентау бағытында 12 адам қаза болды деген жалған ақпарат

27 Желтоқсан 2019, 22:58
14803
Бөлісу:
Түркістан-Кентау бағытында 12 адам қаза болды деген жалған ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жолаушылар көлігі апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты. Тағы 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған. Олардың 4 ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Түркістан облысындағы Самара-Шымкент автожолының 2170 шақырымында орын алған. Жылдамдықты асырған Мерседес Спринтер автокөлігі тракторға соғылған. 
Қатты соққыдан 40 жастағы ер азамат пен әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Учаскеде ҚазАвтоЖол және полиция  қызметкерлері жұмыс жасауда. Барлық жол белгілері орнатылған. Дегенмен, жүргізушілерді жолда сақ болуға және жылдамдықты сақтауға шақырамыз, - деді "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Түркістан облысының Полиция департаменті Facebook-тегі парақшасында жол апатынан 12 адам қаза тапты деген жалған ақпарат әлеуметтік желілерде таралып жатқанын айтып, оны жоққа шығарды.

Әлеуметтік желі мен "ватсап" мессенджерінде Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, 12 адам қаза тапты деген жалған ақпар таратылуда. Түркістан облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарына мұндай қауесеттерге сенбеуге және шындыққа жанаспайтын ақпарды таратпауға кеңес береді. Егерде кез-келген азамат осындай жалған ақпарды тарататын болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату"  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы