Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

6 Қаңтар 2020, 22:33
5197
Бөлісу:
Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасқа толды. Фукуока қаласында қарттар үйінде тұратын жапониялық ғасыр жасаған ананың құрметіне мерейтойлық арнайы дастархан жайылды. 

Бұл туралы Ria.Ru сайтында хабарланды.

Танака туған күнінде ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын сыйлап, құттықтау хаты мен тортпен дастархан жайды.
Жапондық кейуана "Өте дәмді", - деп алғысын білдірді. 

Еске салайық, Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. Өткен жылы наурызда ғаламшарымыздағы ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 

Ол әліге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.

Өзгелердің жаңалығы