110 млн теңгеге бағаланды. Тәртіпсіздік кезінде қанша мүлік ұрланды?

16 Ақпан 2022, 21:13
1051
Бөлісу:
110 млн теңгеге бағаланды. Тәртіпсіздік кезінде қанша мүлік ұрланды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Азаматтар бизнес субъектілердің 110 млн теңгеге бағаланатын мүлік ұрланған. Оның ішінде 10 автокөлік, тұрмыстық техниканың 301 бірлігі, 188  зергерлік бұйым, 250 ұялы телефон, 16 млн теңгенің 471 киім-кешек алынды. Күдікті адамдардың жеке басын зерделеу кезінде оның 3/1 бұрын зорлық, кісі өлтіру, қарақшылық үшін, ал 8-і ұрлау, тонау сынды қылмыстар үшін республикалық іздеуде болған, - деді ол. 

Әділов атағандай, қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында ТЖ алғаннан кейін ел бойынша құқық тәртібі жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Оған ІІО-ның 17 мыңнан астам қызметкері тартылды. Қазіргі уақытта 10435 қылмыс тіркелді. Оның 7014-і ашылды. 1833 бұрын жасалған қылмыстар болды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы