11 жастағы қыздарға жаңа вакцина салынатын болды

17 Қаңтар 2024, 18:33
681
Бөлісу:
11 жастағы қыздарға жаңа вакцина салынатын болды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақ онкология және радиология ҒЗИ мамандары мен ДДҰ сарапшысы Қазақстандағы жатыр мойны обыры проблемасын шешудің кешенді тәсілін, Қазақстандағы АПВ вакцинопрофилактикасының перспективаларын, жатыр мойны обырын диагностикалаудың негізгі әдістері мен емдеу қағидаттарын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жатыр мойны обыры - жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. ЖМО-қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жалғыз обырдың түрі. Көп жағдайда жатыр мойны обырының дамуына АПВ себеп болады. Жатыр мойны обырының ең жоғары деңгейі 40-44 жаста.

Қазақстанда әйелдердің арасындағы онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры (ЖМО) сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын «жатыр мойны обыры»диагнозы 1800 әйелге қойылады, жыл сайын осы аурудан 600 қазақстандық әйел қайтыс болады.

Дүние жүзінде жатыр мойны обыры жыл сайын шамамен 600 000 әйелде анықталады және жыл сайын шамамен 340 000 әйел аурудан қайтыс болады.

Дәстүр бойынша, қаңтар - бұл проблема туралы халықты хабардар ету және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қоғамдық денсаулық сақтау проблемасы ретінде жатыр мойны обырын жоюдың жаһандық стратегиясын қолдауды күшейту үшін жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жатыр мойны обырын жою жөніндегі жаһандық стратегиясы денсаулық сақтау мәселесі ретінде жол картасын қамтиды:

  • Вакцинациялау: қыздардың 90%-ы 15 жасқа дейін АПВ вакцинасымен толық егілуі керек (ұлдарды да егу ұсынылады).
  • Скрининг: әйелдердің 70%-ы 35 жасында және 45 жасында жоғары тиімді тест арқылы скринингтен өтуі керек.
  • Емдеу: обыралды бар әйелдердің 90% және инвазивті обырға шалдыққан әйелдердің 90% емделуі керек.

Өткен брифинг барысында ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасы, профессор Диляра Қайдарова атап өткендей, жатыр мойны обыры (ЖМО) алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру болып табылады. Қатерлі ісіктің бұл түрінің себебі көп жағдайда жыныстық жолмен берілетін адам папилломавирусы (АПВ) болып табылады.

АПВ вакцинациясы АҚШ, Канада, Израиль, Катар, БАӘ, Ұлыбритания, Германия, Аустрия, Швейцария, Франция, Аустралия және Жапонияны қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. АПВ вакцинациясы Өзбекстан мен Түрікменстанда да жүргізіледі. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакцинациялаумен гендерлік бейтарап тәсіл енгізілді, - деді бас онколог Диляра Қайдарова.

Аустралияда АПВ-ның 4 түрінің таралуы Аустралияның Ұлттық вакцинациялау бағдарламасы енгізілгеннен кейін 9 жылдан кейін 18-35 жас аралығындағы әйелдерде 90%-дан астам төмендеді.

АҚШ-та 2015-2018 жылдардың аралығында әйелдердің арасында АПВ-ның 4 түрінің таралуы 14-19 жас аралығындағы әйелдердің арасында вакцинациялауға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 88% - ға, ал 20-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 81%-ға төмен болды.

АПВ-ға қарсы вакцинациялау - папилломавирустық инфекцияның және АПВ-мен байланысты аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының (ЖМО) алдын алудың танылған әдісі. Жаппай вакцинациялауды ДДҰ, ACOG, ESGO, SGO, ACS және басқа да көптеген ұйымдар қолдайды.

Бұл ДДҰ-ның денсаулық сақтау мәселесі ретінде жатыр мойны обырын элиминациялауды (жоюды) жеделдету жөніндегі жаһандық стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі.

Өзгелердің жаңалығы