Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 16:00-де Жамбыл облысы Шу ауданының Көктөбе ауылында 2009 жылы туған қыз бала суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті.
Қыз өз құрдастарымен ойнаған кезде, суға түсуге болмайтын жерде суға батып кеткен. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты.
Біз өз кезегімізде, азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырамыз. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіліп жатқан жұмыстарына және күнделікті рейдтік жұмыстарға қарамастан қайғылы оқиға орын алып отыр, бұл биыл жылғы 3-ші қайғылы оқиға. Жазғы шомылу маусымы басталғалы бері үш адам суға батып, оның біреуі құтқырылып 2 адам қаза болды, оның біреу бала – делінген Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.