11 сынып түлектеріне аттестаттарды қашан тапсырады?

12 Мамыр 2020, 11:02
1616
Бөлісу:
11 сынып түлектеріне аттестаттарды қашан тапсырады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады, - делінген хабарламада. 
Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады.
Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы