Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

19 Қараша 2020, 13:46
1674
Бөлісу:
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6%-ды және зейнеткерлер 10,5%-ды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы