11 қараша – Халықаралық энергия үнемдеу күні

11 Қараша 2020, 17:08
2410
Бөлісу:
11 қараша – Халықаралық энергия үнемдеу күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтулы күнге орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сала мамандарын Энергия үнемдеу күнімен құттықтады.

Құрметті энергия үнемдеу саласының қызметкерлері және отбасы мүшелері!

Қазіргі уақытта Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын іске асыру. Бұл сала әлемдік энергия тұтынудың өсуі және "жасыл экономикаға" көшу қажеттілігі жағдайында басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Әлемдік экономика мен әлем халқының өсуіне байланысты энергияға деген қажеттілік артып отыр. Мысалы, соңғы ширек ғасырда жалпы әлемдік энергия тұтыну 56%-ға артқан. Қазіргі уақытта энергия тиімділігі - әлемдік экономиканың басты тренді, ол экономиканы технологиялық дамытудың, жаңғыртудың және әртараптандырудың барлық аспектісін, ең бастысы, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігінің өсуін қамтиды.

Жасыл экономикаға жүйелі көшудің басты сәттерінің бірі - энергия тиімділігі. Қазіргі уақытта ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығының көрсеткіші бойынша Қазақстан неғұрлым жоғары мәндері бар елдердің қатарында. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету жөніндегі міндет айқындалған. Біз бұл көрсеткіштер осы салада аянбай еібек етіп жүрген білікті қызметкерлердің арқасында жүзеге асатынына сенім білдіреміз. 

Елдің энергия үнемдеу әлеуетін ескере отырып, сіздердің жұмыстарыңыз біз үшін құрметті және маңызды. Бүгінгі таңда сіздердің кәсіби дағдыларыңыз, біліктіліктеріңіз, тәжірибелеріңіз осы саланың дамуына үлкен септігін тигізуде.  

Сіздерге әрқашан тек сәттілік тілейміз! Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен мол бақыт, ал қызмет жолында толағай табыс тілейміз!

Өзгелердің жаңалығы