11 айда бюджетке 8,5 трлн кіріс жиналды – вице-премьер

13 Желтоқсан 2019, 09:25
2834
Бөлісу:
11 айда бюджетке 8,5 трлн кіріс жиналды – вице-премьер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.2019 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. 

Биылғы жылдың 11 айының қортындысы бойынша мемлекеттік  бюджетке 8 трлн 514 млрд теңге кіріс түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша кірістер 101,3%-ға, республикалық - 100,3%-ға және жергілікті бюджеттер бойынша – 104,1%-ға асыра орындалды. Республикалық бюджеттің таза кірістері 6 трлн 219 млрд теңгені құрады, - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, биылғы жылдың 11 айында былтырғы жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 115%-ға немесе 1 трлн  129 млрд теңгеге өскен.
Сонымен қатар, республикалық бюджет кірістері 118%-ға немесе 965 млрд теңгеге және жергілікті бюджеттер кірістер 107,7%-ға немесе 165 млрд теңгеге өскенін атап өткен жөн. Кірістердің өсу қарқыны негізінен келесі салықтар есебінен қалыптасты: ішкі тауарларға салынатын қосылған құн  салығы, корпоративтік табыс және халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар, - дейді вице-премьер.
Салықтардың көлемінің ұлғаюына тауарлар мен қызметтердің өсуі себеп болған: құрылыс – 112,7%, сауда – 107,5%, көлік  – 105,6%, байланыс - 104,5%, өндіріс – 103,5%.
Өзгелердің жаңалығы