103 адам босатылып, полицияның жұмысына қатысты 363 шағым түскен

16 Ақпан 2022, 20:48
1630
Бөлісу:
103 адам босатылып, полицияның жұмысына қатысты 363 шағым түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жеке бастарын, денсаулық және өзге де сипаттайтын материалдарды ескеріп, 157 адамға қолданылған қамауға алу,ешқайда кетпеу туралы қолхатқа кепіл, үйқамақ және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Бұлтартпау шаралары қайта қарау шаралары жалғасып жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктерде прокурорлар олардың қатысы болмауына қатысты уақытша ұстау абақтыларынан 103 адамды босатты,  – деді ол. 

Қилымжанов атап өткендей, құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініштерді тексеріп жатыр.

Қазір прокуратураға осындай дерек бойынша 363 шағым түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ісінде 178 қылмыстық іс бар. Арнайы прокурорлар 8 қылмыстық істі қарап жатыр. Оның ішінде Батырбаев, кәмелетке толмаған Есболатұлының және басқаларға күш қолдану туралы арыздары бар. Сондай-ақ өзге де резонанс тудырған істер бар, – деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы