"102"-ге қоңырау шалып, жалған ақпарат беретіндер көбейген

26 Шілде 2020, 16:29
2241
Бөлісу:
"102"-ге қоңырау шалып, жалған ақпарат беретіндер көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ішімдік ішкен ер адам "102" телефонына жалған қоңырау шалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

"102" телефоны – әр адам бала кезінен білетін ең маңызды нөмірлердің бірі. Алайда, кейде бұл нөмір полицияға жалған хабарлармен жүгінетін бұзақылықтардың объектісі болады. Полиция қызметкерлері қызметінің маңыздылығын түсінбей және қоңырауының салдары туралы ойламай, өзінің жеңіл мінез-құлқына байланысты, не мас күйде бола тұра, адамдар полицияға жалған шақыру жасайды. Ал жалған хабар бойынша шыққан полицейлер азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін дәл осы сәтте қажет болуы мүмкін уақытты жоғалтады. 

Полицияға келіп түсетін барлық қоңырау тіркеледі және тексеріледі. Осы жылдың кезеңінде "102" арнасына полиция қызметкерлері 57 500-ге жуық қоңырау қабылдады. Олардың 17-сі жалған болып шықты. 

Мысалы, "Теле-2" операторына көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Қоңырау шалған ер адам өзін таныстырмады және оны жертөледе белгісіз адамдардың ұстап отырғанын, оның қолдары байлаулы екенін және басқа адамға қоңырау шалудың мүмкіндігі жоқ екенін түсіндірді. Оператор жедел түрде полицияға шақыру берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоңырау шалған адам анықталды. Өз қылығын ол жалғыздықта ішімдік ішіп отырып, мобильді операторына қоңырау шалып, ойдан шығарған оқиғаны айтуды шештім деп түсіндірді, - делінген ведомство мәліметінде.

Қаскүнем өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ол ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы