Шымкент орталық мешітінің және қала әкімдігінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы т.б. азаматтар қатысты.
Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» қайырымдылық себетін үлестірілді. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б.
Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Қождан ата», «Темірші ата» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.