Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүз жылда бір болатын алапат су тасқыны енді жыл сайын қайталанатын қалыпты құбылысқа айналуы мүмкін. БҰҰ өкілдері осылай деп дабыл қақты деп хабарлайды 24.kz.
Мамандар климат өзгеруінің салдары біз ойлағаннан да ертерек байқалып жатқанын айтады. Мәселен, бұрын аптап ыстық 50 жыл сайын қайталанса, қазір ол 5 есе жиілеген.
БҰҰ өкілдерінің айтуынша, егер әлемдегі орташа температура 1,5 градусқа артса, аптап ыстық жиілей түседі. Жылы мезгілдер ұзарады. Тиісінше мұздықтар тез еріп, су басу қаупі арта түседі. Теңіз экожүйесі бұзылады. Ал температура 2 градусқа көтерілсе, адамдардың денсаулығы мен ауыл шаруашылығына үлкен қауіп төнеді. Сарапшылар жаһандық жылынудың ең басты себебі адамның іс-әрекетімен байланысты дейді.
Ғалымдар не істей алады? Олар баяндамалар дайындайды. Алайда әлемді құтқарып қала алмайды. Олар тек болып жатқанды түсіндіріп, не боларын болжайды. Жаһандық жылынумен күресте түрлі елдердің билігі әрекет етуі керек. Мәселен, ауаға бөлінетін зиянды заттардың төрттен бірі Қытайдың үлесінде. Бірақ Қытай билігі әрекет етпесе, біз өз бетімізбен бұл мәселені қалай шешеміз? - дейді Greenpeace UK атқарушы директоры Джон Совен.