Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту» тақырыбында өткен брифинг барасында айтты.
Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. 2019 жылдың соңында енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілік институты. Нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, - деп түсіндірді ол.
Өткен жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды.
Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлықтың субъектілер құрамы кеңейтілді. 2020 жылдың соңында Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін заңға қол қойған болатын. Аталған заңда Президенттің өткен жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалар іске асырылған, - деді Олжас Бектенов.
Соңғы екі жыл ішінде Агенттік 480 пара беру фактісі мен 37 парақорлық делдалдық фактісін анықтады. Сондай-ақ, бизнестің жұмысына құқыққа қарсы араласудың 713 фактісі анықталды. Егер бірнеше айыппұл ғана алып қарасақ, пара берушілер мен делдалдар екі жыл ішінде бюджетке шамамен 600 млн теңге төлеуге сотталды.
Өткен жылы Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың парақорлық жауапшершілігін қатаңдатуды тапсырды. Лауазымды адамдарға пара беріп сатып алумен әдейі айналысатын не заңсыз сыйақы берудің делдалдары болған адамдар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет. Бүгінгі күні Мемлекет басшының Жолдауында айтылған тапсырмалар орындалды. Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізілді. Айта кетсем, егер бұған дейін ауқымды көлемде пара алып, жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды және мұндай қылмыс орташа ауырлық қылмысы деп есептелетін. Ал енді жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және мұндай қылмыс автоматты түрде ауыр қылмыс санатына жатады. Яғни бұл мерзімінен бұрын босатылуға шектеу және ең төменгі қауіпсіз калонияда жазасын өтеуге мүмкіндік берілмейді, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Бектенов пара беруші де, алушы да қатаң жазаланатынын айтты.
Қылмыстық кодексте жазаланушылар төлейтін айыппұл көлеміне де өзгертулер енгізілді. Мысалы, 50 АЕК-ке дейін пара бергендер (145 теңге) айыппұлы екі екеге өсті. Мысалы, 100 мың теңге пара берген адам сот тағайындаған ең төменгі айыппұл көлемі 2 млн теңгені төлейді. Бұған дейін ең төменгі айыппұл көлемі 1 млн теңге болатын. Сонымен қатар, парақорлыққа делдал болғаны үшін салынатын айыппұл шегі ұлғайтылды, - деп түсіндірде Олжас Бектенов брифингте.