«100 күн - 100 сұрақ» атты бірлескен жоба басталды - министр

26 Қаңтар 2022, 10:42
1622
Бөлісу:
«100 күн - 100 сұрақ» атты бірлескен жоба басталды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі  Ажар Ғиният facebook-тегі парақшасында жазды. 

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды.

​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн - 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз, - деп жазды министр. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізу қажет.

100dnei100voprosov@mail.kz

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link https://www.facebook.com/MinzdravRK

 

Өзгелердің жаңалығы