100 км жүгір де, 1,5 млн ұтып ал!

13 Қазан 2021, 20:57
7759
Бөлісу:
100 км жүгір де, 1,5 млн ұтып ал!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «100км+» атты жүгіру челленджіне еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Жобаның ұйымдастырушысы - «Спорт, денсаулық және экология» қоғамдық бірлестігі.

Бастысы - 1 қазаннан 30 қарашаға дейінгі аралықта 100 км-ден астам қашықтықты жүгіріп шығу. Жобаның ерекшелігі - қатысушылардың бір-бірімен жарысып жүгірмейтінінде. Іс-шараның жүлделері марафонның міндетті шарттарын орындаған барлық қатысушылар арасында ойнатылады.

Жүлде қоры 1 500 000 теңге.

Жобаның мақсаты – қазақстандықтар арасында жүгіру және спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру. Жүгіру - салауатты өмір салтының негізі. Ол иммундық жүйені нығайтып, адамға жан-жақты оң әсер ететіндігі дәлелденген.

Жобаға қатысуға 1500 астам адам ниет білдірген. Марафоншылардың бірқатары қажетті қашықтықты жинап үлгерген. Алайда, қатысамын деушілер үшін тіркеу әлі де жүріп жатыр. Марафонның ұйымдастырушылары күніне 3 км-ден астам қашықтықты жүгіруге кеңес береді.

Қатысу үшін Strava қосымшасын жүктеп, JGR.KZ немесе JGRKZ.RUN сайттарында тіркеуден өту қажет.

Өзгелердің жаңалығы