100 кітап - керемет идея!

24 Мамыр 2024, 20:00
292
Бөлісу:
100 кітап - керемет идея!
PHOTO
Фото: Автордың әлеуметтік парақшасынан

Бұл туралы "Qazcontent" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Мақат Садық әлеуметтік парақшасында өз ойын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Qazcontent" АҚ ұжымы - басқарма төрағасы Бекзат Бақбергенұлының ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясына өз үлесін қосты, - дейді ол.

Сондай-ақ ол бүгін елорда іргесіндегі Қосшы қаласындағы 3 мектепке қазіргі кездегі сұранысы көп 100 кітапты сыйға тартқанын тілге тиек етті.

100 кітап - керемет идея!

Балалар әдебиеті, көркем әдебиет, тарихи жанрдағы кітаптардың кейбірінде классик жазушыларымыз: С.Мұратбеков, Ә. Кекілбаев, Ф. Оңғарсынова, Н. Айтұлы және басқа да қаламгерлеріміздің қолтаңбалары бар.Кітап - рухани азық дейміз. Біз жанымызды байытқан кітаптарды жеткіншек ұрпақ та оқып, әйгілі тұлғалардың қолтаңбасымен де таныс болса деген ойға келдік…,- дейді кеңесші.

Оның ойынша, кітапты көп оқитын ел болсақ, баспалардан көптеп кітаптар шығып, дүкен сөрелерінен  көптеп сатып алынатыны сөзсіз.

100 кітап - керемет идея!

Сондықтан да оқыған кітаптарымызға белгі қойып, сыйға тартуды дәстүрге айналдырсақ игі іс ізгілікпен жалғаспақ.Бұл креативті идея тоқтамай жан-жақты жалғаса берсін. Оған барынша үлес қоса берейік, достар!, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы